Павлодарда ер адам үшінші қабаттың балконынан құлап, аман қалды
Павлодарда ер адам үшінші қабаттың балконынан құлап, аман қалды

Павлодарлық жігіт үшінші қабаттан құлап, аман қалған.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, жазатайым оқиға жайында хабар полицияға  26 мамырда, сағат 10.30-да түскен.

 "Сағат 09.40-та Мир көшесіндегі пәтерде 44 жастағы ер адам абайсызда үшінші қабаттағы балконнан кұлап түскен. Ол мас болған", - деп жазылған хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Қостанай облысында 2019 жылы туған сәби көппәтерлі тұрғын үйдің екінші қабатынан құлап кеткен.