Елімізде адам саудасы екі есе көйбейген
Елімізде адам саудасы екі есе көйбейген
134
оқылды

Қазақстанда биыл адам саудасына байланысты қылмыстар 2020 жылға қарағанда екі есе көп тіркелген. Бұл туралы Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметінің басшысы Серік Шалабаев мәлімдеді.

"Адам сатуға байланысты 68 қылмыс тіркелді. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда екі есе көп. Біз полицейлердің назарын рейдтік іс-шаралар үшін адамдардың трафигіне ең қолайлы жерлерге аударамыз. Бұл, негізінен, жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар (57 пайыз немесе 39 қылмыс). Бұдан басқа, шалғай шаруашылықтар, жайылымдар, қыстаулар назардан тыс қалмайды", - деді Шалабаев ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте.

Оның айтуынша, адам саудасына қарсы тұруда тұрғындардың қырағылығы маңызды рөл атқарады. Қаскүнемдер жастарға шетелде жұмыс беруге, жоғары табыс табуға уәде беретін де жағдайлар барын ескертті.