Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустан туыстары көз жұмғанын айтты. Журналист Нартай Аралбайұлы Алексей Цойдан туыстары арасында коронавирусқа шалдыққандар болған-болмағанын сұрады.
"Иә, әрине, бірақ менің өз отбасымда емес, балаларым ауырған жоқ. Бірақ туыстарымның арасында болды. Өкінішке орай, коронавирусқа шалдығып, қайтыс болғандар бар", - деп жауап берді Цой.