Аймағамбетов мұғалімдерге үндеу жасады
Аймағамбетов мұғалімдерге үндеу жасады
118
оқылды
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдерді коронавирусқа қарсы вакцина алуға шақырды. 
«Вакцинаға қатысты әртүрлі алып-қашпа сөздер бар. Оны білеміз. Біреу былай дейді, екіншісі былай дейді. Заң бойынша, вакцина алу - әр адамның өз еркі. Өзі шешім қабылдайды. Бірақ мектептерді ашамыз, дәстүрлі форматқа көшеміз десек, жалпы мектепте жұмыс істеп, ары қарай тиісті, қажетті сағаттарымызды аламыз десек, әрине, вакцина алмасақ болмайды. Өйткені, вакцина алу - ең алдымен өзіңді, екіншіден, жақындарыңызды қорғау. Үшіншіден, балаларды қорғаудың бірден-бір кепілі», - деді министр республикалық педагогикалық кеңесте.
Аймағамбетов әріптестерінің барлығы қазақстандық және өзге де вакциналарды алғанын айтты.