Бір аптада 12 адам суға кетіп көз жұмған
Бір аптада 12 адам суға кетіп көз жұмған
98
оқылды
Жыл басынан бері Қазақстанда 53 адам суда мерт болды. Бұл туралы ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов айтып берді «Өкінішке қарай, суға түсу маусымы басталмаса да, 53 адам қаза тапты, оның ішінде 26 бала бар. Жыл басынан бері су айдындарынан 38 адам, оның ішінде 4 бала құтқарылды. Әсіресе балалардың суда мерт болуы жағдайы көбейген. Былтыр осы кезеңде 18 бала мерт болса, биыл 26-ға жетті», – деді Бауыржан Сыздықов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде. Өткен аптада 17 - 23 мамыр аралығында су айдындарында 12 адам, оның ішінде 2 бала суға батып көз жұмды.
«Суда қаза болудың басты себептері: жабдықталмаған, тыйым салынған жерлерде шомылу (25 жағдай), балаларды қараусыз қалдыру (18 жағдай), су қоймасына құлап кету және өз күшін дұрыс бағаламау (16 жағдай), жеке құтқару құралынсыз балық аулау (11 жағдай), кеудешесіз жүзу құралын (катамаранды) пайдалану және мас күйде суға түсу», – деп түсіндірді комитет төрағасы.