Бокстан Дубайдағы Азия біріншілігінде әйелдер арасындағы жартылай финалдық сын басталды, - деп хабарлайды Olympic.kz. Қазақстан командасы сапынан екі боксшы финалға шығып үлгерді. 48 келідегі Алуа Балқыбекова үндістандық Мониканы жеңіп, шешуші сынға өтті. Сондай-ақ, 51 келіде жұдырықтасқан Назым Қызайбайдың Шри-Ланкалық қарсыласы үш рет нокдаунға шығып, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. Назым да турнирдің финалында бақ сынайды. Чемпионатта тоғыз боксшымыз жартылай финалға шыққан: 48 келі: Алуа Балқыбекова, 51 келі: Назым Қызайбай, 54 келі: Дина Жоламан, 57 келі: Владислава Кухта, 60 келі: Римма Волосенко, 64 келі: Милана Сафронова, 75 келі: Марина Вольнова, 81 келі: Фариза Шолтай, 81 келіден жоғары: Ләззат Күнгейбаева.