Садриддин Ахметовтың келесі қарсыласы белгілі болды

Садриддин Ахметовтың келесі қарсыласы белгілі болды

Бірінші орта салмақтағы қазақстандық проспект Садриддин Ахмедов (12-0, 10 КО) 16 шілдеде Канадада жекпе-жекке шығады, - деп хабарлады Vesti.kz.

Бокс кеші нақты қай қалада өтетіні әлі белгісіз. Қазіргі кезде Квебек немесе Монреаль қалалары арасында таңдау тұр. Ал қазақстандық боксшы Канадада жаттығу лагерін бастап кетті. Сонымен қоса, Садриддиннің қарсыласы рейтингтің топ-30 тізіміндегі боксшы болады деген ақпарат бар.