Сенат жұмысының нәтижелерімен таныстырды
Сенат жұмысының нәтижелерімен таныстырды
153
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Пар­ламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуде ел Президентінің тапс­ырмаларын заңнамалық тұр­ғы­дан қамтамасыз ету мәсе­лелері қарастырылды. Сенат Төрағасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қабылданған бірқатар заңдар жөнінде, соның ішінде, республикалық бюд­жет туралы заңға енгізілген өз­гер­тулер мен толық­тырулар, сай­лау туралы заңға енгізілген түзетулер туралы айтты. Мемлекет бас­шысы аталған заңдарға қол қойды. Жоғарғы палата квазимемле­кеттік сектордағы са­тып алуларды реттейтін заң қабылдады. Қазір әлеу­меттік кәсіпкерлікті дамыту, Салық кодексіне өз­герту­лер мен толықтырулар енгізу және басқа да заң жобалары депутаттардың қарауында жатыр. Мәулен Әшімбаевтың мәліметі бойынша осы сессия басталғалы бері сенаторлар 12 заң жобасына бас­та­машы болды. Оның 3-еуін Парламент қабыл­даса, 4-еуі Сенат пен Мәжілістің қарауында. Тағы 5 заң жобасы депутаттардың бас­тамасымен әзірленіп жатыр. Сенат Төрағасы Президентке парламентаралық ынтымақ­тас­тықты дамыту, Ресей, Өзбекстан және басқа да елдердің заң шы­ғарушы органдарымен байла­нысты нығайту жөнінде айтты. Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Ашаршылық. Голод. 1928-1934. Деректі хроника» жинағын ұсынды. Аталған үш томдықта Қазақстан­дағы күштеп ұжымдастырудың қасіретті тарихын баян­дайтын мыңнан астам архив құжаттары жинақталған.