Квазисектордағы сатып алу жүйесі реттеледі
Квазисектордағы сатып алу жүйесі реттеледі
159
оқылды

Ел Парламенті ұлттық компаниялар мен мемхолдингтердің сатып алуын реттейтін заңдарды қабылдады. Бұрын ондай ережелер де, тиісінше бірыңғай реттеу қағидаты да бол­маған еді. Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың тө­раға­лығымен өткен палата отырысында сенаторлар тиісті заң жобасын құптады.

Жаңа заңдар бір жағынан сатып алу рәсімдерін жеңілдетеді және екінші жағынан шарттар бойынша міндеттемелердің орын­далуына бақылауды күшейтеді. Яғни, заң кәсіпкерлер үшін ква­зимемлекеттік сектордың сатып алуларында ашық және әділ бәсе­келестікке жағдай жасайды. – Мемлекеттік қаржыны тиім­­ді жұмсау – аса маңызды мә­­селе. Мемлекеттік сатып алуды, оның ішінде квази­мем­­­лекеттік сектор­дың сатып алуын тиімді пайдала­нуды пандемиядан кейін­гі кезеңде экономикалық бәсеке­лестікті қалпына келті­рудің тетігі ретінде қарастырған жөн. Алайда осыған дейін ұлттық компаниялар мен мемлекеттік холдингтердің сатып алулары жалпы тәртіптен шыға­рылып, өз ережелері бойын­ша жүргізіліп келді. Мемлекет басшы­сының тапсырмасы бойынша осы мә­селелерді шешу үшін тиісті заң қа­былданып отыр, – деді Мәулен Әшімбаев. Атап айтқанда, сенаторлар ал­дымен «Квазимемлекеттік сек­­­тордың жекелеген субъек­ті­ле­рінің сатып алуы туралы» заңы жобасын қарады. Бұл құжат «Самұрық-Қа­­зына» ұлттық әл-ауқат қорының және басқа да ұлттық холдингтер мен компа­ниялардың сатып алу­ларын реттейді. Онда сондай-ақ сатып алуға қатысуға байла­­­нысты шек­теулер, бақылау мәселе­лері, сондай-ақ рәсімдердің өтуіне ша­ғымдану тәртібі жазылған. Енді сатып алуға қатысуға бай­ланысты шектеулер тізбесі, олар­ды жос­­­­пар­лау қағидалары және әлеуетті жеткізушіге қойы­латын біліктілік талаптары бел­гіленгені де маңыз­ды. Бұдан бөлек, құжатта сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі енгізіледі. Сонымен бірге оны қалыптастыру, жүргізу тәртібі және оған енгізу және шығару үшін негіздер айқын­далған. Тап­сырыс берушінің және сатып алу­ды ұйымдастырушының әре­­­кет­­­тері мен шешімдеріне шағым жа­­сау жөніндегі нормалар ен­гізілді. Сондай-ақ сенаторлар «Кейбір заңнамалық актілерге ква­­­зи­мемлекеттік сектордың жеке­леген субъектілерінің сатып алуы мә­селелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды құптады. Құжат кейбір заң­намалық актілерді қабылданған «Квази­­мемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» заңға сәйкестендіруді көздейді. Мұның сыртында Парламент «2014 жылғы 29 мамырдағы Еур­азиялық экономикалық одақ тура­лы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы» ратифи­­кациялады. Бұл құжат Прези­денттің қол қоюы­на жолданады. Отырыста Сенат депутаттары Президенттің Жоғарғы Соттың судьясын қызметтен босату ту­ралы ұсынуын қарады. Судья Лариса Шепелева отставкаға ке­туіне бай­­­­­ланысты қызметінен босады.  

Елдос СЕНБАЙ