Парламентаралық байланыс мәселесін талқылады

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Бельгия ко­рольдігінің Федералдық Парламенті Өкілдер па­латасының спикері Элиан Тильёмен бейнекон­ферен­ция форматында кездесу өткізді.

Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты, оның ішінде парламентаралық байланысты арттыру жайында пікір алмасты.

Нұрлан Нығматулин Бельгия Қазақстанның Еуропадағы маңыз­ды саяси және экономи­ка­лық әріптесі екеніне назар аудара отырып, екі ел арасындағы стра­тегиялық серіктестік дең­гейіне жетудегі Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін атап өтті.

Сонымен қатар кездесудегі негізгі тақырыптардың бірі – Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы бол­ған елдің саяси жүйесін жаңғырту мәселелері туралы болды.

Отырыста Нұрлан Нығма­тулин мемлекет пен қоғам ара­сындағы диалогты кеңейту, сондай-ақ Президенттің саяси ре­фор­маларындағы негізгі  ми­тинг және сайлау туралы заңдар жайында айтты.

Тараптар Қазақстан – Бельгия қарым-қатынасының маңызды құрамдас бөлігі ретінде парла­мен­таралық байланысты жандан­дыруды қолдады.

Өз кезегінде Элиан Тильё Қазақстанды өзінің даму жолын ұсынған мемлекет екенін, бүгінгі таңда қарқынды түрде дамып келе жатқанын алға тартты. Со­нымен қатар қос мемлекет ара­сын­дағы дипломатиялық қаты­нас­тың орнағанына 30 жыл то­латынын атап өтіп, қалыптасқан саяси-экономикалық байла­нысты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді.

Кездесу барысында Нұрлан Нығматулин мен Элиан Тильё заң­намалық тәжірибе алмасу, ын­тымақтастық жөніндегі парла­менттік топтар мен комитеттердің өзара іс-қимылы екі елдің жан-жақты әріптестігін ілгерілетуге ықпал ететініне сенім білдірді.

 

А.СҰЛТАН

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.