Жаңа медициналық пункт ашылды
Жаңа медициналық пункт ашылды
180
оқылды

Солтүстік Қазақстан облы­сының Тайынша ауданына қарасты Ильич ауылының тұр­ғындары «Nur Otan» пар­тия­сының аудандық филиалына медициналық пунктке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу керегін айтып хабарласты. Медициналық мекеменің ескі ғимаратының әбден тозығы жетіп, талаптарға сай келмей қалған.

400-ден астам ауыл тұрғынын толғандырған бұл мәселе партия­лықтар мен ауыл кәсіпкерлерінің арқасында шешімін тапты. Фельдшерлік-акушерлік пункт жөндеу жұмыстары жүргізілген ғимаратқа көшіп, онда ем-шара кабинеті, ана мен бала кабинеті, күндізгі стационар сияқты көп­теген орындар жұмыс істейді. Сондай-ақ медициналық пунктке дәрі-дәрмектер мен оны сақтауға арналған жаңа тоңазытқыш сыйға берілді. Айта кетсек, қазіргі уақытта өңірлерде, әсіресе ауылдық жер­­лерде медициналық ұйым­дардың инфрақұрылымын жақ­сарту үшін бақылауды қамта­масыз ету ша­ралары қарастыры­лып жатыр. Денсаулық сақтау – «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдар­ламасының маңызды блоктары­ның бірі. Сайлауалды уәделерді іске асыру жөніндегі «Жол карта­сының» 362 индикаторының 23-і осыған арналған. Мәселен, 2023 жылға қарай дәрігерлердің жа­лақысын кемінде ол 550 000 теңге, орта медициналық персоналдың жалақысы кемінде 190 000 теңге болатындай 2,5 есе ұлғайту, ал денсаулық сақтауды қаржылан­дыру көлемін барлық көздерден ЖІӨ-нің 5%-ына дейін жеткізу міндеті қойылып отыр.  

Әбілмансұр ЖАСАН