Кэмбридж көрмесіне қойылады

Кэмбридж көрмесіне қойылады

Шығыс Қазақстан облысы әкімі «Ұлы дала алтыны» көрмесі биыл Ұлыбританияның Кембридж музейіне қойылатынын мәлімдеді.

«Өңір аумағында табылған 26 мың жәдігер түрлі музейлердің экспозицияларына сән бәріп тұр. «Ұлы дала алтыны» көрмесі биыл Ұлыбританияның Кембридж музейіне қойылады. Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстандағы археологиялық зерттеулерді екі жетекші ғалым Зейнолла Самашев пен Әбдеш Төлеубаев жалғастырып жатыр», – деді Даниал Ахметов. Былтыр Тарбағатай ауданындағы Елеке сазынан 800-ден астам алтын зергер бұйымы, оның ішінде Сақ билеушісіне тиесілі ат-әбзелдері табылған еді. Бұл – біздің заманымызға дейінгі V-IV ғасырлардың еншісіндегі жәдігерлер. «Ғалымдар қазір қазақ мемлекеттілігінің алғашқы кезеңі туралы трилогия дайындап жатыр. Осы кезеңге қатысты барлық мәліметті зерделеу үшін олар әлемнің жетекші кітапханаларына барады», – деді облыс әкімі .

А.ЖОЛДАС