Иманбек ресейлік Forbes рейтингінде көш бастап тұр
Иманбек ресейлік Forbes рейтингінде көш бастап тұр

Басылым сайтында Иманбек Зейкенов (Imanbek) Ресейде 30 жасқа дейінгі табысты музыканттар рейтингінде көш басында тұрғаны жазылған.

Материалда әлемге  танылып үлгерген Imanbek-тің өмірбаяны, музыкадағы табысы мен жетістігі туралы ақпарат берілген. Ресейлік басылым жүргізген рейтингте Иманбектен бөлек Вячеслав Марлов (Slava Marlow), Илья Гадаев, Анна Романовская (Cream Soda) секілді музыканттар бар. Forbes-тің «30 жасқа дейінгі ең табысты 30 ресейлік» рейтингі 10 аталымнан тұрады. Оның қатарында кәсіпкерлік, қаржы және инвестиция, ғылым және технология, басқару, спорт және киберспорт, әлеуметтік практиктер, жаңа медиа, музыка, өнер және мода мен дизайн аталымы бар. Айта кетерлігі, жақында Иманбек Зейкенов АҚШ-тағы әлемдік деңгейдегі Billboard Music Awards сыйлығының иегері атанды.

                   А. ЖОЛДАС