Құрбан Бердыев «Қайратқа» кеңес береді
Құрбан Бердыев «Қайратқа» кеңес береді
94
оқылды

«Қайрат»  футбол клубының ресми сайты Құрбан Бердыевтің бақылау кеңесі төрағасы Қайрат Боранбаевтың кеңесшісі болғанын хабарлады.

Маман үш бағытта жұмыс істейді. Негізгі құрам, клуб академиясы және «Қайрат-Мәскеу» жобасының жұмысына қолдау көрсетіп, кеңес береді. «Жұмыс аралас режимде болады. Оқу-жаттығу кездесулері мен семинарларын өткізу үшін Алматыға тұрақты келу және онлайн форматта жүздесу өтеді. 27 мамыр күні академия жаттықтырушылар құрамымен алғашқы кездесу өтіп,  барысында U14 және U15 академия командаларының жаттығу процесіне талдау жасалды», – делінген хабарламада. Бұған дейін Құрбан Бердыев 1991 жылы Мәскеудегі жоғары жаттықтырушылар мектебін бітіріп, екі жыл «Қайрат» бас бапкерінің көмекшісі қызметін атқарған. 1994-1995 жылдары Алматы клубының бас бапкері болды.

Айбике ЖАНАСЫЛ