Әділбек Мусин финалға өтті
Әділбек Мусин финалға өтті
103
оқылды

27 мамыр күні Литваның Клайпеда қаласында жүзуден лицензиялық турнир басталды. Іріктеу қорытындысы бойынша екі отандасымыз финалға өтті.

Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден 23.74 секундты көрсетіп, іріктеу қорытындысы бойынша бірінші орын алды. Ал Анастасия Резванцева 100 метрге шалқалап жүзуден 1 минут 05.66 секундты көрсетіп, финалға жолдама алды. Финалдық кезеңде Олимпиадаға жол­дама сарапқа салынады. Олимпиадаға лицензия алу үшін нормативті орындау қажет.  

Айбике ЖАНАСЫЛ