28 мамырға арналған ауа райы болжамы
28 мамырға арналған ауа райы болжамы
133
оқылды

Бірақ «Қазгидрометтің» болжамынша, кейбір өңірде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерде найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауады. Жел екпіні күшейіп, дауыл тұрады.

Шығыс Қазақстанда 15-20 м/с жел тұрып, екпіні 25 м/с жетуі ықтимал. Сондай-ақ дауыл, бұршақ болжанады. Түркістан облысының кей жерлерінде дауыл, шаңды дауыл, 15-20 м/с жылдамдықта жел күтіледі. Жамбыл, Батыс Қазақстанда күндіз кей жерде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Қарағанды, күндіз Алматы, Атырау, Қостанай, Ақтөбе облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с артады. Маңғыстау, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман болады. Сонымен қатар күндіз Қызылорда, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды облысында қатты ыстық сақталады.

Синоптиктердің мәліметінше, Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.