Арыста үйінен қашып кеткен 15 жастағы қыз жалдамалы пәтерден табылды
Арыста үйінен қашып кеткен 15 жастағы қыз жалдамалы пәтерден табылды

Бұл туралы қалалық Полиция департаменті хабарлады.

Биыл 26 мамырда сағат 10:00 кезінде әл-Фараби аудандық полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Н.Жусипов іздеу кезінде  2006 жылғы жасөспірімнің жалдамалы пәтерде жалғыз тұрып жатқанын анықтады. Жасөспірім қыздың өз үйінен кетіп қалғаны анықталды. Қызды ата-анасына табыстады. Жоғалған қыздың анасы шымкенттік полицейлерге алғыс айтты.