Бұл туралы қалалық Полиция департаменті хабарлады.
Биыл 26 мамырда сағат 10:00 кезінде әл-Фараби аудандық полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Н.Жусипов іздеу кезінде 2006 жылғы жасөспірімнің жалдамалы пәтерде жалғыз тұрып жатқанын анықтады. Жасөспірім қыздың өз үйінен кетіп қалғаны анықталды. Қызды ата-анасына табыстады. Жоғалған қыздың анасы шымкенттік полицейлерге алғыс айтты.