Үлескерлерден ақша алуға құқығы жоқ құрылыс компанияларының тізімі белгілі болды
Үлескерлерден ақша алуға құқығы жоқ құрылыс компанияларының тізімі белгілі болды
121
оқылды

«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңға сәйкес, үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға тыйым салынады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 320-бабы, сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапқа тартылады. Мәселе туындаса, Нұр-Сұлтан қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына хабарласыңыз. Мекенжайы Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі 8-үй. Мәліметті телефон арқылы да алуға болады: 8 (7172) – 55-04-28, 55-04-30. Үлескерлердің ақшасын қабылдауға құқығы жоқ құрылыс компанияларының тізімін мына сілтемеден толық біле аласыз.

Бұған дейін үлескерлердің үйсіз далада қалғанын жазған болатынбыз.