Жалған ПТР тест анықтамасын пайдаланған ер адам абақтыдағы досына келгенде ұсталды
Жалған ПТР тест анықтамасын пайдаланған ер адам абақтыдағы досына келгенде ұсталды
5,123
оқылды

Қарағанды облысы Абай ауданы ПБ-сы бірінші рет жалған ПТР тест анықтамасын қолданған жігітті анықтады. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Шахтинскте 24 жастағы тұрғын абақтыда жазасын өтеп жатқан досымен кездесуге келгенде теріс нәтиже көрсеткен анықтаманы ұсынған. Түзеу мекемесінің қызметкерлері бұл құжаттың дұрыстығына күмәнданып, медициналық мекемеге хабарласқан. Дәрігерлер абақтыдағы досына кездесуге келген ер адамның олардан тексерістен өтпегені туралы хабарлады. Тергеу барысында ер адам жалған құжат жасағанын мойындады. Қылмыстық істі Абай аудандық соты қарады. Сот 20 АЕК, яғни, 60 мың теңгеге жуық айыппұл төлеуге үкім шығарды.

Бұған дейін астана мен Алматыда вакцина салғызбай-ақ, вакцинация паспортын жасауға үгіттеген дәрігерлер туралы жазған болатынбыз.