Асхат Аймағамбетов: 1 қыркүйекте балалар мектепке баруы мүмкін
Асхат Аймағамбетов: 1 қыркүйекте балалар мектепке баруы мүмкін
173
оқылды

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 1 қыркүйекте балалардың мектепке баруы туралы сұраққа жауап берді.

"Бұл өте өзекті сауал. Мұның барлығы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға, біздің жүріс-тұрысымызға байланысты. Егер халықтың басым бөлігін вакцинациялай алсақ, барлығы санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен шектеулерді сақтаса, онда келесі оқу жылында, қыркүйекте білім беру ұйымдарымыз, ең алдымен, мектептер ашылады", – деді Аймағамбетов.

Сонымен қатар министр балалардың мектепті, достарын, мұғалімдерін сағынғанын айтты.  "Мұғалімдер де дәстүрлі форматқа тезірек оралғысы келеді. Бірақ бәрі өзімізге, қоғамға байланысты", – деді ол.