Пластикалық операция жасатқан қыз қайтыс болды. Оған ота жасаған хирург Дмитрий Писаревке қатысты қозғалған іс сотқа жолданды. Сотқа дейінгі тергеу аяқталды, - деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаменті. Қылмыстық істі Алматы ПД тергеу басқармасы тергеп-тексерген. ҚР ҚК 317-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
"Бейінді тексеру және сараптамалық зерттеу шаралары жүргізілді. Қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды, іс Бостандық аудандық сотына жолданды", - деп хабарлады қалалық ПД.2018 жылы Дмитрий Писарев ота жасамақ болған Лаура Ізбасарова ота үстелінде көз жұмған болатын. Ол омырауына операция жасатпақ болған, алайда ота кезінде әйел адам тұншығып, есінен танып қалған. Бірнеше сағаттан кейін ол қайтыс болған. Сонымен қатар бұған дейін екі жыл бұрын осыған ұқсас жағдай болғаны анықталған еді. Украина азаматы 2016 жылы дәл осы хирург жасаған отадан соң алты сағаттан кейін көз жұмған.