Түркістан облысында табылған үш студент эвакуацияланды
Түркістан облысында табылған үш студент эвакуацияланды
112
оқылды
Түркістан облысында табылған үш студент эвакуацияланды. Олардың хал-жағдайы жақсы, медициналық көмекке мұқтаж емес. Екеуі 1999 жылы және біреуі 2000 жылы туған. Олардың айтуынша, үш күн бұрын екі топқа бөлініп кеткен. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады. ТЖД қызметкерлері оларды ата-анасына табыстады. Қалған туристерді іздестіру жұмыстары жалғасуда. Еске сала кетейік, Төлеби ауданындағы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында 7 адамның жоғалғаны туралы хабарлама 25 мамыр сағат 18:30-да келіп түсті. 21 мамырда туристер «Сары-Айғыр» шатқалына бет алған. Құтқарушыларға хабарласқан адамның айтуынша, олар 24 мамырда үйге оралуы керек еді. Түркістан облысында жоғалған жеті адамның алтауы - Назарбаев университетінің 4 курс студенттері. Тағы бірі - Кентау лицейінің түлегі. Екі жігіт - Ақтөбе, үшеуі - Атырау, қалғаны Орал және Жезқазған қалаларынан. Құтқарушылар тауға кеткен жеті азаматты үш күннен бері іздестіріп жатыр. 21 мамыр таңғы сағат 8-де олар саябақтың бақылау-өткізу пунктінде тіркеуден өткен. https://www.youtube.com/watch?v=73z0WG7Brnk