Вакцина салдырған BBC радиосының жүргізушісі қайтыс болды
Вакцина салдырған BBC радиосының жүргізушісі қайтыс болды
152
оқылды
Ньюкасл қаласында орналасқан BBC радиосының жүргізушісі Лиза Шоу тромбоздан қайтыс болды. Тромбоз коронавирусқа қарсы британдық-шведтік AstraZeneca компаниясының вакцинасын алғаннан кейін пайда болды, - деп хабарлайды The Independent. Радио жүргізушісі туыстарының айтуынша, вакцина алғанына бір апта өткен соң оның басы қатты ауырған. Полиция тергеу жұмыстарын бастады. Сәуір айында бірқатар Еуропа елдері вакцина алғандардан тромбоздың анықталуына байланысты AstraZeneca вакцинасын пайдалануды тоқтатты. Десе де, вакцинаны жасаушылар оның қауіпсіздігіне кепілдік беріп отыр.