Ерекше қажеттілігі бар адамдарға баспана беру мәселесі талқыланды
Ерекше қажеттілігі бар адамдарға баспана беру мәселесі талқыланды
115
оқылды
«Жұмыспен қамту, халықтың әлеуметтік осал топтары мәселелері жөніндегі» аймақтық қоғамдық кеңес отырысы өтті.  Жұмыспен қамту, халықтың әлеуметтік осал топтары мәселелері жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңес партия жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады және партияның 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасындағы «Барлық балаға тең мүмкіндіктер», «Аға ұрпаққа қамқорлық», «Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдау», «Тұрақты жұмыс орындары» бағыттары бойынша шараларды тиімді іске асыруға жәрдемдесу мақсатында құрылды. Отырыстың күн тәртібінде ерекше қажеттіліктері бар адамдарға баспана беру бойынша арнайы бағдарламалар және тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Аталған мәселелер бойынша «Отбасы банкі» Қызылорда облыстық филиалының директоры Сәулебаев Әділжан Рахымжанұлы аймақта жүргізіліп жатқан жұмыстар барысымен және әлеуметтік осал топтарға бағытталған бағдарламалар жайлы түсіндіріп өтті. «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы осы күнге дейін  несие алған салымшылар келесі санаттарға жатады: Көп балалы отбасы -150, толық емес отбасы - 144, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеуші отбасы – 31. Бұл туралы Сәулебаев Әділжан баяндамасында айтты. Отырыс барысында кеңес мүшелері жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасын бақылау, жобамен қамтылатын елді мекендерде кеңінен ақпараттандыру жұмыстарын жүргізуді және онлайн режимінде қызмет көрсетуге көңіл бөлуді ұсынды. Кеңес отырысына облыстық, қалалық және барлық 7 аудандық кеңес төрағасы мен мүшелері офлайн/онлайн режимінде қатысып, ұсыныстарын жеткізді.