Петропавлдық тұрғын алдымен досын, кейін өзін атып тастаған
Петропавлдық тұрғын алдымен досын, кейін өзін атып тастаған
Петропавлда ер адам пневматикалық тапанша оқталмаған деп ойлап, өзі мен досын атып жіберді, деп хабарлады sputnik.kz. Полиция басқармасының мәліметінше,  Петропавлдағы медициналық мекемелердің бірінен пневматикалық қарудан зардап шеккен екі қала тұрғыны түскені туралы хабар түскен. Оқ жарықшақтары денесінен алынған соң, олар үйлеріне жіберілген. Облыстық орталықтың криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері осы фактіні жіті тексеруі нәтижесінде, қала тұрғындары Borner газ баллоны бар пневматикалық тапаншамен ұқыпсыз жұмыс жасауы салдарынан жарақат алғанын анықтады. Олар қаруды балық аулауға алып барған. Айтуларына қарағанда, өздері тапаншаның оқталмағанына сенімді болған.
"Ер адамның бірі тапанша оқталмаған деп ойлап, досына қарата оқ атқан. Ол жанұшыра айқайлағанда, қалжыңдап жатыр деген райынан қайтпай, қаруды қолына кезейді. Салдарынан өзі де жарақат алған", – дейді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметкері Динара Сағындықова.