БҚО-да екі көлік соқтығысып, 4 адам зардап шеккен
БҚО-да екі көлік соқтығысып, 4 адам зардап шеккен
134
оқылды
Батыс Қазақстан облысында екі автокөлік түйісіп, төрт адам зардап шекті. БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 28 мамыр күні түсте Орал-Атырау күрежолы бойында Ақжайық ауданы аумағында болды. Ақсуат ауылы тұсында «Шевролет Круз» және «Ниссан» автокөліктері соқтығысты. Соның салдарынан «Ниссан» автокөлігінің 43 жастағы жүргізушісі мен жолаушысы сынық жарақаттарын алған. 43 жастағы Атыраулық ер адам орталық ауруханасының хирургиялық бөлімшесіне жатқызылған.