Жүкембаев қарсыласын нокаутқа түсіретінін айтты
Жүкембаев қарсыласын нокаутқа түсіретінін айтты
5,120
оқылды
Лос-Анджелесте қазақстандық Батыр Жүкембаев (18-0, 14 КО) пен пуэрторикалық Сабриэль Матиас (16-1, 16 КО) жекпе-жегіне арналған баспасөз мәслихаты өтті, – деп хабарлайды Prosports.kz. Боксшылар алдағы кездесуі туралы пікір білдірді.
«Мен тамаша жаттығу жиынын өткіздім. Сенбілік кешке дайынмын. Мен Матиастың жақсы боксшы екенін білемін, бірақ мен толық дайынмын және істі нокаутпен аяқтаймын деп уәде беремін. Мен қолымнан келгеннің бәрін көрсетемін, көресіздер», – деді Батыр Жүкембаев.
Ал Матиас болса, Батырдың карьерасындағы ең мықты қарсылас болатынына сенімді.
«Мен оның карьерасындағы ең ауыр сынақ болатыным сөзсіз, сенбі күні кешкісін неге бұлай айтқанымды көресіздер. Біз екеуміз де нокаутшылармыз және жекпе-жек төрешілер шешімімен аяқталуы үшін бар күшімізді саламыз», – деді Сабриэль Матиас. 
Еске салайық, Жүкембаев – Матиас жекпе-жегі Карсонда (Калифорния, АҚШ) қазақстандық уақытпен 30 мамырда таңда болады.