Әкімшілік кодекске енгізілген өзгерістерді қарайды

Әкімшілік кодекске енгізілген өзгерістерді қарайды

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен палата бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Құжатта жалға беруді сақтау және ауыл шаруашылығы жерлерін жеке меншікке беруге Жер кодексі нормаларының қолданылуын 5 жыл­ға тоқтата тұру көзделген. Алдағы жалпы отырыста Әкім­шілік құқықбұзушылық туралы ко­декске және мемлекеттік бас­қару деңгейлері арасында өкі­­лет­­­тіктерді қайта бөлу мәселелеріне қатысты заң жобалары I оқылымда қа­ралмақ. Сонымен қатар күн тәртібінің жобасында II оқылымда рей­дер­лікке қарсы күресті күшейту, кә­сіпкерлік қызметті мемлекеттік органдар мен лауазымды адам­дардың заңсыз араласуынан қорғау және бағалы металдардың заңсыз айналымына кедергі келтіретін шараларды күшейту бойынша заң жобасы бар.  

Е. ЕРДЕНОВ