Шенеуніктің баласы қалай жазаланды?
Шенеуніктің баласы қалай жазаланды?

Нұр-Сұлтан Полиция департаменті жаяу жүр­гін­шілер өткелінде жасөс­пірімді қағып кеткен ше­неу­ніктің ұлына қатысты оқиға қалай аяқталғанын айтты. Оған 30 мың теңге ша­ма­­сында айып­пұл салынған.

«30 сәуірде Түркістан кө­шесінде 2004 жылы туған кә­мелетке толмаған баланы қағып кету дерегі бойынша сот-ме­дициналық сараптама қоры­тындысы шықты. Оған сәйкес, 16  жастағы балада дене жарақаты анықталған жоқ. Сондай-ақ кәмелетке тол­маған баланың заңды өкілінен ЖКО дерегі бойынша жүргі­зушіге шағымдары жоқ екені және одан әрі тексеруден бас тартатыны туралы жазбаша өті­ніш келіп түсті», – деді депар­тамент өкілі. Жүргізушіге қатысты ӘҚБтК-нің 600-бабы «Жаяу жүр­­­гіншілердің немесе жол қозға­­­­лысының өзге де қаты­­сушыларының жүруіне ба­­сым­дық бермеу» бойынша әкім­шілік іс қозғалды. Айыппұл 10 АЕК — 29 170 теңге. Айта ке­тейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан тұрғыны Facebook-те 21 жас­тағы жүргізу­ші жаяу жүргін­шілер өткелінде жасөспірімді қа­ғып, қашып кеткенін көргені туралы жазба жариялағаны ха­барланған бо­латын. Ол көлік тізгінінде ше­неуніктің ұлы бол­ғанын айтқан еді. «Жай ғана жасырынған емес, фитнес-орталықтың маңына тұ­рақтап, одан әрі спортпен шұ­ғылданбақ болды. Абырой бол­ғанда, жақын маңда жүрген тағы бір қызбен оның есін жиып, жол полициясы мен зардап шек­кен адамға жедел жәрдем ша­қыр­дық», – деп жазды ол. Кейін Қар­­­жы министрлігі Мемлекеттік кі­­рістер коми­тетінің басқарма бас­­шысы Дамир Нұрғалиев Toyota көлігін тізгіндеген ұлы Нұр-Сұлтандағы жаяу жүргіншілер өткелінде жасөспірімді қағып кет­­кенін растаған еді.

А.ЕРСҰЛТАН