Қырғыз азаматы аса ірі көлемде есірткі алып өтпек болған

Қырғыз азаматы аса ірі көлемде есірткі алып өтпек болған

Шекарашылар қызметтік иттің көмегімен Қазақстан – Ресей шекарасында аса ірі көлемдегі героин партиясын алып бара жатқан Қырғыз Республикасы азаматын ұс­тады. Бұл туралы ҰҚК бас­па­сөз қызметі хабарлады.

«Батыс Қазақстан облы­сын­дағы «Сырым» автомобиль ба­қылау-өткізу пунктінде Леди есімді қызметтік иттің көмегімен Қырғыз Республикасы азаматы тізгіндеген Renault Magnum авто­көлігінің артқы дөңге­­лек­­­теріне жасырылған, жалпы сал­­мағы 135 ке­лі 493 грамм 52 мил­­­лиграмм болатын ерекше иісі бар ақ-сұр түсті зат салынған пакеттер та­был­ды», – деді комитеттегілер. Ұсталған және тәркіленген зат одан әрі процестік әрекеттер жүр­гізу үшін ҰҚК Батыс Қа­зақстан облысы бойынша депар­таментіне жеткізілген. «Сараптама нәтиже­лері бойынша тәркіленген зат салмағы 39 килограмм 341 грамм 77 миллиграмм героин және сал­мағы 96 келі 151 грамм 75 мил­лиграмм гашиш екені аны­қ­тал­ды» , – деді ҰҚК өкілдері. Комитеттегілер бақылау-өт­кізу пункттеріндегі тексеру ке­зінде қызметтік иттер таптырмас кө­мекші екенін атап өтті. Мы­салы, 2020 жылдың желтоқ­са­нында Джек есімді қызметтік иттің кө­мегімен Қазақстан – Қырғыз Рес­пуб­ликасы шекара­сынан жал­­пы салмағы 60 келі 370 грамм ге­роин­нің ірі партиясы табылған.

И.ҚУАНЫШ