Өзіне қол жұмсамақ болған адамды құтқарып қалды
Өзіне қол жұмсамақ болған адамды құтқарып қалды
5,115
оқылды

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті по­­лицейлердің өзіне қол жұм­самақ болған ер адамды құтқарып қалғанын ха­бар­лады. Оқиға Жансүгіров кө­шесіндегі көпқабатты тұр­ғын үйде болған.

Оқиға орнына келген пат­рульдік полиция полкінің инс­пекторлары – аға лейтенант Рус­лан Бүркітбаев пен лей­тенант Жасұлан Құмарханов үй бал­конының таянышында отырған ер адамды көрген. По­лицейлер үйге кірген. Ал пәтер ішінде ер адамның әкесі жүрген, ол бала­сын төменге секірмеуге көн­діруге тырысқан. По­ли­цейлер де ер адамды әңгімеге тартқан. Сондай-ақ оқиға орнына құт­қару қызметкерлері келіп, ер адамды балкон таянышынан ішке қарай итере бастаған. По­лицейлер сол мезетте оны қап­сыра ұстап, ішке тартып алады. Құтқарылған 33 жастағы ер адамға медицина қызмет­кер­лері көмек көрсетті. «Біз күйзелісте жүрген адам­ның қандай әрекетке баратынын білмегендіктен, жағдайға қарай әрекет жасадық. Оның төменге секірмеуі үшін бар күшімізді сал­дық», – деді Р.Бүркітбаев.

А. ЖОЛДАС