Көрмеге 20 суретші туындысын ұсынды
Көрмеге 20 суретші туындысын ұсынды
135
оқылды

28 мамыр күні «Түркістаным–Тұраным» атты симпозиумға қатысқан суретшілердің туындылары қойылған көрме ашылды.  Әлемдік деңгейдегі шығармалар жинақталған көрме Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің саммиті аясында өтті.

Аталған іс-шара Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналды. Көрмені өткізуге ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы ұйытқы  болып, Түркістан облысының әкімдігі қолдады. Іс-шараның мақсаты – түркітілдес халықтар арасындағы ынтымақтас­тық пен достықты, мәдени байла­нысты нығайту, түркілік мәдениет пен өнерді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, түркітілдес мемлекеттердің белгілі суретшілерінің туынды­ларын насихаттау және бір-бірімен іс-тәжірибе, пікір алмасу. Одан кейін түркітілдес елдердің рухани астанасы Түркістанның түлегенін өнер тілімен суреттеу. Симпозиум барысында ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы­ның бас хатшысы Дүйсен Қасе­йінов сөз сөйлеп, суретшілерге сертификат тапсырып, дипломмен марапаттады. Іс-шарада шетел суретшілері атынан Қырғыз Респуб­ликасының халық суретшісі Юристанбек Шығаев пен Қазақ­стан суретшілері атынан  Көркем академиясының академигі Ерлан Айтуаров сөз алып, көрменің маңызына тоқталды. Көрмеге қатысқан суретшілер 5 күн бойы 120-дан астам көз тартарлық туынды жазып, келген қонақтарды тәнті етті.  

Айбике ЖАНАСЫЛ