Ашық біріншілік өтеді

Ашық біріншілік өтеді

Қазақстан триатлон федерациясы Өскеменде триатлоннан  ашық чемпионат өтетінін хабарлады.

Аталған шара кәсібилер арасында 30 мамыр күні өтеді.  Жарысқа Elite, U23, U19, U17 және U15 санатындағы спортшылар қатысады. U23, U19, U17 және U15 санатындағы спортшылар 300 метр  жүзу, 8 шақырым  велодода және 2 шақырым  жүгіруден құралатын суперспринт қашықтығында жекелей сынға түседі. Elite санатындағы спортшылар осы қашықтықта топтасып қатысады. Жарыстың басталуы сағат 10.00-ге жоспарланған.

А. ЖОЛДАС