Күлкі керуені
Күлкі керуені
143
оқылды
Бетпақ əппақты «Батпақ!» дейді. Əппақ бетпақты «Əппақ!» дейді. Бетпақ-бетпақ, Əппақ-əппақ. *** Жансызбыз, Сансызбыз, Мың-мыңбыз. Жымыңдаған жұлдызбыз. Жасырынбақ ойнаймыз Күндіз біз. *** «Балдырған» Алдырған Балақай алақайлап, Мейірін қандырған. *** Күн шықты, Шықылықтаған үн шықты. Шықылықтвған даусынан Танып қойдым шымшықты. *** Оншақты моншақты Тізіп тұрып, Қызайды қызықтырып, Салған суреті Быжық-тыжық. *** Үйде көрпе көп, Көрпеше аз. Бір-ақ көрпешенің өзі Құрақ көрпеше.   Үйде «Үйме-жүйме Төсекке тиме!» Деген тəтем, Түйе жүн төсекті Төрт қонаққа төсепті. *** Құштарлығынан гөрі Іштарлығы басым Үш қу, Бір-бірін менсінбей «Пішту!» дейді.    Аман Жаман ойынға Əбүйір болғанда, Тағы үйір болмады.    Ындыны кең қомағай Ықылық атты. Обал-ай!   *** Ырғап-ырғап, Бір қап құрғақ Құрма ап келді. Бір қап Құрғақ құрманы Ұрлап келді. «Ұят-ай!» деп Тұрмақ па енді?    Ақ көйлек, Көк көйлек, Қызыл көйлек, Ұзын көйлек киіп, Бойлары биік, Қырық құбылып Қыздар шықты. Етек-жеңі мол екен, «Бұл не?» десем, мода екен. *** Қазір ғана «Бажылдама!» Деген едік. Бажылдады. Байбайлады. Айғайлады. Шатақ мінез шығарды Қай-қайдағы.  *** Алақтап, Далақтап жүрмегесін, Киімінің бəрі əппақ.   ЖАҢЫЛТПАШ «Атты кісі Аттан түсіп, Жаяу кісі Жатып қарағандай Сұлу!» дейді əпкемді.