Көлтаусар ел болған жақсы емес
Көлтаусар ел болған жақсы емес
344
оқылды
Егер Қазақстандағы өзен-көлдер қалың жауған қар, нөсерлете төккен жауын есебінен ұдайы то­лы­­ғып отырмағанда, елі­міз­­дегі бар суды бес жыл ішін­де тауысып ішіп қояды екен­біз. Қоршаған ортаны қор­ғауға жауапты ве­до­мство қызықты дерек кел­тірді. Экология, геология және та­би­ғи ресурстар министрі Мағзұм Мыр­зағалиевтің мәліметінше, республикамыздағы жыл сайынғы жерүсті су қоры 100 текше шақы­рым­ды құрайды. Алайда оның 46 км 3 Қазақстаннан тыс жер­лер­де қа­лыптасады. Мысалы, Ертіс бас­­тауын Қытайдан алады. Ал қа­зақ же­рінде құдық қазудың перс­пек­тивасы қандай? Меморган жерасты суларының барланған қо­­ры небәрі 15 текше шақырым еке­нін жеткізді. Бірақ жеріміздегі бар судың тең жартысы табиғаттың өзіне ке­рек. «Жалпы, 100 км3 судың 50 тек­ше шақырымы экологиялық тепе-теңдікті сақтау үшін қажет. 24 текше шақырымға жуығын экономика салалары әртүрлі мақ­саттарға шығындайды. Со­ның ішінде 16 км3  – ауыл шаруа­шы­­лығында, 7 км3 – өнер­кә­сіпте жұмсалады. Тағы 1 текше ша­қырым көлемдегі суды қазақ­ста­н­дықтар шаруашылық-тұрмыстық қа­жеттіліктер үшін тұтынады», – деді министр. Дүниежүзілік ресурстар инс­ти­тутының бағалауы бойынша, жал­пы алғанда Орталық Азия мем­лекеттері су тапшылығы жоғары ел­дердің қатарына жатады. Ал Қа­зақстан орташадан жоғары су тапшылығы бар елдердің қата­ры­на кіреді. Осы орайда, Елбасы Н.Назарбаев­тың Қауіпсіздік  Кеңе­­­сінің отырысында берген  тап­­­­сырмасына және ел Пре­зи­денті Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 24 қаң­тарда өткен Үкі­меттің кеңей­тілген оты­ры­сында айтқан тап­сыр­ма­сы­на сәйкес министрлік  2020-2030 жылдарға арналған Қа­зақстан­ның су ресурстарын бас­қару жө­ніндегі мемлекеттік бағ­дарлама тұжырымдамасын жа­сап шықты. Онда суға қатысты басты мә­се­лелер көрсетілген. Біріншіден, ел тұрғындары сапалы ауызсумен қам­тылуда қиындық көреді, сон­дай-ақ диқандар егін өсіру, ве­ге­тациялық мезгілде суармалы су­ға зәру. Судан қоршаған орта да тар­шылық көруде. Бұл топтағы мәселе қа­тарына экологиялық тепе-тең­дікті сақтау (Арал, Балқаш, Жайық), экологиялық жағдайдың көрші мемлекеттер (ОА, ҚХР, РФ) жүргізетін су саясатына тәуелділігі және су объектілерінің ластануы, сонымен қатар су ресурстарын үнем­ді тұтынбай, босқа рәсуа ету кесірінен су көздерінің сарқылуы жатады. Бұдан бөлек, ел экономи­ка­сына зардабын әкелген проб­­ле­малардың тағы бір тобы бағамдалды: бұ­лар – су шаруашылығы инф­ра­­­­құры­лы­мының тозуы, ны­сан­дардың тасқын судан қор­ғал­мауы, өнеркәсіптегі су рецеркуля­ция­сы­ның төмен көлемі. «Елдегі барлық каналдардың 80%-ы – тозған, бүгінде 18 мың ша­қырымы жөндеуді қажет етеді. Ескірген инфрақұрылым және соның салдарынан болатын су­­дың ысыраппен жұмсалуы, са­­палы судың тапшылығы, та­риф есептеуде қолданатын те­­­тік­тің әлсіздігі, білікті кадр­лар­­дың жетіспеушілігі, көр­шілес мем­лекеттермен су бөлу мә­се­­лелері – қазіргі су сала­сын­дағы аса өзекті мәселелер. Бұл проблемаларды шешу үшін жаңа әрі жеке мемлекеттік бағ­дар­лама әзірлеу қажет. Осы мә­селе бойынша Елбасы мен Мем­лекет бас­шысының тиісті тап­сыр­ма­лары бар», – деді М.Мыр­за­ға­лиев. Бағдарлама жобасының мақ­­саты – елдің тұрақты да­муы үшін су ресурстарымен ке­піл­дендірілген қамтамасыз ету, су нысандарын халықтың тұр­мыс-тіршілігі мен елдің эконо­ми­касында экологиялық тепе-тең­дікті  қамтамасыз ететін күйде сақ­тау және қалпына келтіру. Бүгінде бағдарламаның не­гізгі 7 нысаналы индикаторы анық­­талған. Бағдарламаның негізгі мақ­са­ты – 2030 жылы туады деп бол­жанған су тапшылығын жаңа іс-шаралар арқылы шешіп, же­рүс­­ті суларының қазіргі деңгейін (100 км3) сақтап қалу, 7 текше ша­қы­рым көлеміне дейін кәусарды ұс­тай­тын жаңа су қоймаларын салу, ел­дегі суды үнемдеу көрсет­кі­шін 5 тек­ше шақырымға дейін жет­кізу; 15 км3 көлеміне дейін же­расты суларын пайдалану болады. Қазақстанда 26 жаңа гид­ро­техникалық құрылыс салынбақ. Қолданыстағы 182 респуб­ли­­калық меншіктегі, 300 ком­му­­­­­налдық меншіктегі гидро­тех­­­­­­­никалық құрылыс қайта жаң­­­­ғыртылады.   Айхан ШӘРІП