Жаңылтпашты жаңылмай айт
Жаңылтпашты жаңылмай айт
429
оқылды
Сұрампаздың сұраудан жалықпағаны, «Кәсібінің» көкке қалықтағаны. Белгілі болған бекбикені, Көшеде көрген танып қалады.                  * * * Жылан жылыстап- жылыстап жотаға     шықты, Тасбақа талтаң-талтаң талтаңдап жете алмайтынын ұқты.                   * * * «Крышаны» Крысамен алмастырса бола ма, «Крышамен» әмпай болсаң да Крысаға жолама.                      * * * Әуп деп асағаның, Асқазанға қиянат жасағаның. Өз обалың өзіңе Аражігін, Ажырата алмаған осы араның.                * * * Құлқынынан білгенбіз ауыспасын, Көлтаусар көлдің суын тауысқасын.   * * * Қарға-құзғынның өлік-өлексеге әуестігі, Тірі мақұлқаты ұстауға қабылетті еместігі.                     * * * Шабалаңдағаннан шаруа шалқайып  жөнделмес, Шыдамды шақылдаған шақар мінездіге тең келмес.   * * * Соқыр атқа қотыр ат үйір ме, Қотыр атқа соқыр ат үйір ме. Үйірсектер ұзаққа ұзаса, Үйірінен адасар деп күйінбе.                  * * * Суреткерге суреттеме деме, Суретте де суреткерге. Суреткерге суретте десең, Сұлқиып шығар сурет демде.                      * * * Алып қашпа сөз алып қашпасын, Алып қашпалық қалыптаспасын. Қалыптасқандардың қадірсіз сөзі, Қанжардай тіліп жарып тастасын.                    * * * Қанағатшыл қанағатсыздан қашқақтайды, Қанағатсыз ісіп- кеуіп асқақтайды. Қанағатсыздан қанағатшылдық қашқаны, Бұл қай сасқаны.                           * * * Доңыз шалшыққа аунады, Бәдік балшыққа аунады. Бәдіктің балшыққа аунағаны, Доңыздың балшыққа аунағанынан аумады.   * * * Дүдамалға Дүрәлі дүрлікті, Дүрліктің деп Шыбынбай шүйлікті. Қосақабат Қоқыш қосылды, Қорғайық деп ауызбірлікті.                      * * * Бүтінді жартыға шақты, Жарты жартыны тапты. Итаршылыққа иығын тосқан, Итжеместі ит қапты.                    * * * Ит иіскемейтінді ит иіскегенде, Ит исікемейтінді ит иіскей ме. Иіскейтінмен искемейтін итжығыс түссе, Иықтарынан тістемей ме. Шекпендіге шенді шендескен, Шендескендер пәтуаға келместен. Шенді шендімін деп шертиді, Шекпенді шекпеніне кертиді.               Ххх Алғабас алға баспаса кім алға басады, Артқа басса айналасындағылар қашады.   * * * Емінген есепсіз емінеді, Тебінген тепсініп тебінеді. Емінген мен тебінгеннен шошыған,                КүнәҺар кейінге шегінеді.                          * * * Емеурін емексірудің құралы, Емеурінге емексігендер, Есекдәмешіл шығады.                      * * * Өрмекшінің торына түскендер, Құтыла ма, тұтыла ма? Құтылса қутыңдап кеткені, Жұтылса жұтқыншақтан өткені.                                * * * Есі барға «несі бар» дегенің, Несі бардың желпігенің желегін. Айтып береді несі бардың тәптіштеп, Есі бардың сұрасаныз дерегін.                        * * * Жүгірмекке жүгірме десең, Жаны ышқынып жүгіреді. Жүгірген жүгірмектен, Жанындағылар түңіледі.  

Жеткерген ӘБДІРЕЙҰЛЫ, Қызылорда облысы,Қармақшы ауданы, Төретам кенті,Байсейтова көшесі №21 үй. Тел:8-777-959-33-10