Қазақшаға қақалмайық!
Қазақшаға қақалмайық!
364
оқылды
Ойбайлап, «Ішім-айлап» келе жатқан аурудың алдынан дәрігер жүгіріп шығып, оны сүйемелдеп, орындыққа отырғызды. – Ой, вам плохо, что ли? –деп сұрады дәрігер. – Ия, бүйрегімде үйрек жүрген сияқты, –деп қиналды сырқат кісі. – Да вы что, ішіңізде утка что ли? – Ойбайиии... Бұл УЗИ ма? –Да, да, «Каспий банк» емес қой енді... – Дәрігерсіз ғой? – Конечно, кастопраф емес шыгармын? – Менің асқазанымда жара бар ма?  Тексеріп көріңізші, УЗИ-іңізбен! – Мына жерге ложитесь. – Қалай? – Өлип калган бомж сияқты... – Жағыңыз қарыссын? – Ой, что за слово «Жагыныз карыссын?» – «Жағдайыңыз жақсы ма?» деп жатырмын, әшейін. – Нормально,  одан да раздевай­тес, шешіневайтес. – Сіз өзі, қазақсыз ба? – Да, я казашка. – Онда болма, мазақ! – деп сыр­қат кісі жата кетті. – Казир «милая девушканы» шакырайын. – Ол не істейді? – Сіздің алдыңызда Мадонна болып тұрады. – Бүйрегім  ауырып тұрғанда, маған Мадоннаның керегі не? – Вот именно, сіздің душаңызды аулайды. Ал, мен проверю. – Ойпырмай, сондай да мамандық бар ма еді? Мәдина деген? – Мадонна?! –деп дауыстап еді, ішке ақ халатты, бірақ халаты тізеден ғана келетін сұлу бикеш кірді де,  сырқаттың алдында қасын керіп, сызылып, сәнгерлер сияқты тұра қалды. Кісі басын көтерді. – Сіз не істеп тұрсыз? –деп сұрады ол. – Кешіріңіз, маған  ғашық көзбен қараңыз, сонда бауырыңыз ауырмайды.. – Ой, Алла... – Не мешайте. Ішіңізді тонкай­тынызшы? –деп қалды дәрігер. –Тоңқайғаны қалай? Былай ма? – деген сырқат етпетінен жата қалып,  құйрығын шошайтты. – Вы что делаете? –деген дәрігер­дің көздері алақандай болды. – Тоңқайып. – Вы сам не тонкайте! – Бәләйте! – Мадонна, что он сказал? – Наверно, қазақша «спасибо» шығар? – деді Мадоннасы. Осы кезде жігіт ағасы кіріп келді. – Кешіріңіз, дәрігер, кезегіміз қашан келеді? –деп сұрады  жігіт. – Күтіңіз, молодой человек! – Мен бір мекеменің бастығы­мын! – Ну и что? – Кеше жүз мың теңге жұтып қо­йып едім, УЗИ–іңізбен тек­серіңізші? – Вам не понятно? Мына кісіні тонкайта алмай жатырмыз ғой? – Аа, – деген жігіт шығып кетті. – Сіз тұрып кеткенсіз бе? Мұнда, кушет­кага ложитесь! – Осылай тоңқайсам, бүйрегімнің ауырғаны қоя қалады,–деді сырқат. – Маған махаббатпен қараңыз. Как джентельмен! –деп сызылды Мадонна. – Ал қарадым, как жемпірмен, – деген сырқат басын көтеріп, тұрып кете жаздады. – Жемпірмен емес, джентельмен! – Осторожно! Жатыңыз деймін! – деп ашуланды дәрігер. – «Маған қара» деп өліп бара жатыр ғой енді! – Моя миссия, сіздің көңіліңізді көтеру! –деп  сызылды Мадонна мейірбике. – Ойбай, сол үшін айлық аласыз ба? – Даа. – Извините, животынызды сәл тонкайтынызшы? –деп өтінді  тағы да дәрігер. – Әне, тағы бастады. – Как вам обьяснить? Ішінізді осыртыныз? – Біресе осыр, біресе тоңқай, немене деп кеттіңіз өзі? Осыр емес, өсір, тоңқай емес, томпайт десеңізші, қазақшалап! –деген кісі  ашуланып, орнынан тұрып кетті. – Ішінізді тонкайтпасаныз, мен бауырынызды , буйрегинизди калай тексеремин? – Қазақ тілімнің, ана тілімнің  өлгеніне қайғырып, көңіл айтамын!. – Негодяй! –деп қалды дәрігер. – Өзің ноқалай! – Хам! –деді дәрігер. – Күйіп кеткен шам! Міне көрдіңіз бе:? Дәл осылай қазақшаға қақалып, шашалып сөй­лей­тін дәрігерлерге не деуге болады? Дәрігерлерді былай қойып, ант беруге жарамай қалған депутаттарды да көрдік, ұяттан тірідей өлдік. Ал, кейбір «кекеш» министрлер ше? Оспанхан ағам айтқандай «орысшаға сайрап тұр, қазақшаға келгенде Құдай тілін байлап тұр».

Әбді ЛАРАМ