Бозбала анасына келіп жүрген еркектің көлігін ұрлап, терезесін шақты
Бозбала анасына келіп жүрген еркектің көлігін ұрлап, терезесін шақты
150
оқылды

22 мамырда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Малыбай ауылының 34 жастағы тұрғыны "Mitsubishi Galant" көлігінің ұрланғанын айтып, полицияға арызданған, деп хабарлайды zakon.kz.

Тексере келе анықталғандай, ол соңғы рет көлігімен көңілдес әйелдің үйіне барған екен. Бие сауымдай уақыттан кейін көлігінің жоқ болғанын байқапты. Іздестіру барысында әлгі онсыз да ескі көлік капоты майысқан, айнасы сынған, терезелері шағылған күйде әйелдің 19 жастағы ұлынан табылды. Ұл ұрлыққа барғанын да, көлікті ұрғанын да мойындады. Анасының жаңағы еркекпен кездесіп жүргені жынына әбден тиген көрінеді. Көлік иесіне қайтарылды, күдіктіге қатысты келуге міндеттеу шарасы қолданылды.