11 шайба – рекорд! Қазақстан құрамасы Италияны жеңді
11 шайба – рекорд! Қазақстан құрамасы Италияны жеңді

Латвияда өтіп жатқан хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы Италия қақпасына 11 шайба енгізді. Бұл - біздің құраманың топтық кезеңдегі төртінші жеңісі. Осылайша Михайлис шәкірттерінің қоржынында 10 ұпай бар.

Жалпы, чемпионатта бұған дейін ешбір құрама қарсылас қақпасына мұнша гол соқпаған болатын. Ойынның үш кезеңінде де Қазақстан жеңіспен аяқтады. Әсіресе, үшінші кезеңде біздің жігіттер қарсылас қақпасын 8 рет тура дәлдеді. Команда капитаны Роман Старченко ойынның үздік ойыншысы атанды. Ол бұл кездесуде дубльдің авторы атанып, 3 рет ассист орындады. Италия – Қазақстан 3:11 (0:1, 1:2, 2:8) 0:1 — 02:12 Старченко (Волк, Михайлис). 1:1 — 24:37 Мичели (Петан, Франк). 1:2 — 32:31 Петухов (Асетов, Степаненко). 1:3 — 34:59 Рымарев (Шин, Блэкер). 1:4 — 41:31 Михайлис (Старченко, Волк). 2:4 — 41:43 Хохкофлер (Гандер). 2:5 — 46:12 Волк (Старченко). 2:6 — 47:01 Лихотников. 2:7 — 49:46 Лихотников (Маклюков). 3:7 — 50:59 Петан. 3:8 — 54:38 Панюков (Диц, Старченко).