Қазақстандық бес боксшы Азия чемпионатының финалына шықты
Қазақстандық бес боксшы Азия чемпионатының финалына шықты
Бокстан Азия чемпионатының финалына шыққан спортшылар белгілі болды. Дубайда (БАӘ) жартылай финалдық бәсекелер аяқталды. Нәтижесінде, Қазақстан құрамасының бес спортшысы қарсыластарын ұтып, финалда жұдырықтасуға мүмкіндік алды:
49 келіде рингке алғашқы болып шыққан Даниял Сәбит филиппиндік қарсыласын жеңе алды. 69 келі салмақта Абылайхан Жүсіпов моңғолиялық Баттөмөр Мишеелттен мықты екенін көрсетті. Әбілхан Аманқұл 75 келіде ирандық Сейедшахин Мусавиден мықты екенін көрсетті. 91 келі салмақтағы боксшымыз Василий Левит қырғызстандық қарсыласын жеңіп, финалға шықты. Ұлттық құрама капитаны Қамшыбек Қоңқабаев ирандық Пуриа Амириден басым түсті.