Веб-телехикаяларды тегін және аз қаражатқа да түсіруге болады. Ал оны түсірілген соң көріп-көрмейтіні — бөлек әңгіме. Осы орайда, продюсерлер туындыларының бюджетін жария етті, деп хабарлайды Kursiv.kz басылымы.
Танымал актер, бүгінде кинопродюсер, Golden Man Media продакшн-студиясының жетекшісі Максим Акбаров «Ондай емес» ("Не такие") атты веб-телехикаяның продюсері болды. Аталған туынды skifbox.kz платформасында жарияланды. Әртүрлі үш құрбының тағдырын арқау еткен жоба аз ғана қаражатқа түсірілген — үш серияға үш миллион теңге. Телехикая табыс әкелмесе де, көрермен қауымның ыстық ықыласына бөленіп үлгерді.«Ешқандай жарнаманың болмағанына қарамастан, жобаны екі ай ішінде 140 мың адам қараған», — дейді Максим.Александр Аксютиц атаған сома бұдан өзгеше. Salem Social Media бір бөлімге 2,5 млн. теңге ($5,8 мың) жұмсайды. Егер жобаның бастамасы көрермен көңілінен шықса, онда бір маусым (10-12 бөлім) толықтай түсіріледі, бұған шамамен $50–60 мың жұмсалады. Егер «Құдіретті» ("Всемогущий") веб-телехикаясының жалпы бюджеті $100 мыңды құрағанын ескерсек, онда сегіз бөлімнің әрқайсысына шамамен $12,5 мың жұмсалды деген сөз.