БҚО-да шаруа қожалығында ірі өрт болды
БҚО-да шаруа қожалығында ірі өрт болды
78
оқылды
БҚО-да шаруа қожалығының аумағында ірі өрт болды. Салдарынан 120 тонна шөп пен 3 тонна арпа өртеніп кеткен. Өрт 28 мамыр күні "Мерлан" шаруа қожалығының аумағынан шыққан. Салдарынан мал тұратын базаның шатыры отқа оранды. "Мой город" порталының хабаралауынша, Жалын 770 шаршы метр аумақты шарпыған. ТЖ департаментінің хабарлауынша, тілсіз жауға найзағай себеп болған. Өртті сөндіруге жергілікті департаменттің жеті қызметкері жұмылдырылды. Өртті сөндіруге сегіз сағат уақыт кеткен.