Халықаралық іздеуде болған ер адам ұсталды
Халықаралық іздеуде болған ер адам ұсталды
Нұр-Сұлтан полициясы халықаралық іздеуде болған күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ұсталған адам 2017 жылдың желтоқсанында жарақаттармен қалалық ауруханаға түскен елорданың 31 жастағы тұрғынын өлтіруге оқталды деп айыпталып отыр.
"Қылмыс түнгі клубтағы төбелес кезінде жасалғаны анықталды. Күдікті ойын-сауық мекемесінде сағат 05.30-да жәбірленушіге пышақ сұғып алған, кейін қашып кеткен. Осы уақыттан бері ол Ресейде және Қазақстанның шалғай аймақтарында заңсыз жасырынып жүрді. Күдікті Нұр-Сұлтанға келе салып ұсталды. Оны ұстау операциясы Қабанбай батыр көшесіндегі жалдамалы пәтерде өтті", - деп хабарлады полиция өкілдері.