БҚО-да тұрғын үй өртеніп кетті
БҚО-да тұрғын үй өртеніп кетті
89
оқылды
Батыс Қазақстан облысында тұрғын үй өртеніп кетті.  ТЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін Бәйтерек ауданы Зеленый ауылында болды. Пролетар көшесі, 3-мекенжайда жеке тұрғын үйдің төбесі мен ішінара веранда отқа оранған. Өрт аумағы 100 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ. Алдын ала мәліметке қарағанда, өрт электр сымының қысқа тұйықталуынан шыққан. Өрт сағат 12.10-да ауыздықталды. БҚО ТЖ департаменті тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау қажеттігін еске салады.