Шарын шатқалында болған селдің видеосы жарияланды
Шарын шатқалында болған селдің видеосы жарияланды
Бүгін, 29 мамыр күні, Шарын шатқалында болған оқиғаны куәгер видеоға түсіріп алған. Видеоны  Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли жариялады. https://www.youtube.com/watch?v=zjR_2nGoGjM&feature=emb_title Оқыс жағдай Алматы облысы Шарын каньонының төменгі бөлігінде болған. Сел салдарынан 6 адам зиян шекті. Көз жұмған екі адамның бірі — кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім. Мұнымен қатар, тағы бір адамның із-түзсіз жоғалғаны белгілі болды. Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылған.