"Челси" клубы Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды
"Челси" клубы Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды
5,137
оқылды
Лондондық "Челси" клубы Чемпиондар лигасының финалында "Манчестер Ситиді" жеңді. Финал Португалияның «Драгау» стадионында өтті. Лондондық клуб бұған дейін финалда екі рет ойнап, оның біреуінде жеңген. Ал манчестерлік футболшылар Чемпиондар лигасының финалына тұңғыш рет шыққан. Финалда бір ғана гол соғылды. 42-минутта "Челси" жартылай қорғаушысы Кай Хаверцке ұтымды сәт туындап, қақпашыны алдап өткен ол бос қақпаны дәл көздеді. Екінші таймда манчестерлік клуб таразы басын теңестіре алмады. Қорытынды есеп - 1:0.  https://www.youtube.com/watch?v=FlfuAzU2GnQ Осылайша, "Челси" тарихында екінші рет Чемпиондар лигасында топ жарып отыр. Бұған дейін 2012 жылғы маусымда жеңіске жеткен болатын.