Сыйақы 10 миллионнан асады: Семейде әскери госпиталь бастығы ұсталды
Сыйақы 10 миллионнан асады: Семейде әскери госпиталь бастығы ұсталды
144
оқылды
Семей қаласында әскери госпитальдің бастығы Дулат Құрметов ұсталды, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан басылымы.
"29 мамырда құқық қорғау органдары Семей қаласындағы әскери госпиталдің бастығы медицина қызметінің подполковнигі Дулат Құрметовті ұстады", — делінген хабарламада.
Ведомство басқа мәлімет тергеу мүддесі үшін жария етілмейтінін атап өтті. 28 мамырда Қарулы күштердің қару-жарақ және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің бастығы полковник Асылбек Сатыбалдинов ұсталған болатын. БАҚ-тың мәліметінше, ол "қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, сыйақы беру кезінде бюджет қаражатын жымқырды және әскери қызметшілерден ақшалай жәрдемақыны заңсыз өндіріп алды" деген күдікке ілінген. Сыйақының жалпы сомасы 10 миллион теңгеден асады.