Өзбекстанның Хорезм облысында Nexia көлігінің 39 жастағы жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, 11-сыныптың алты оқушысын қағып кетті. Нәтижесінде үш адам оқиға орнында, тағы біреуі ауруханада қайтыс болды. Қайғылы оқиға мектептегі соңғы қоңырауға бір күн қалғанда болған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz басылымы.
Жергілікті тілшілердің мәліметі бойынша, жол-көлік оқиғасы 24 мамырда сағат 17:40-та Янгиарык ауданының "Аччикуйи" аумағында болған. Жол апатынан кейін көліктің өзі аударылып, арыққа түсіп кеткен. Қазіргі уақытта екі оқушыға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Жүргізушіге қатысты Өзбекстан Республикасы ҚК-ның "Қозғалыс қауіпсіздігі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу" бабы бойынша іс қозғалған.