Созақ ауылында түлектер жалғызбасты анаға пәтер сыйлады
Созақ ауылында түлектер жалғызбасты анаға пәтер сыйлады
136
оқылды

Осыдан 20 жыл бұрын Созақ ауылында «Созақ» мектеп-гимназиясын тәмамдаған түлектер жиылып жалғызбасты анаға баспана сыйлады.

Төрт бөлмелі үйде ауыз су, жарық пен жылу бар, - деп хабарлайды Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі. Сондай-ақ, заманауи жабдықтармен жабдықталған. Өз кезегінде жаңа баспана иесі атанған Саламат Ералиева түлектерге алғыс айтты. Бұдан өзге 2001 жылы мектеп бітірген түлектер Созақ ауылында футбол жарысын ұйымдастырды. Барлық іс-шара карантин талаптарын сақтай отырып өткізілді. Өткен жылы бір үй көп балалы жалғызбасты анаға берілген. Сондай-ақ, аталған ауылда тағы үш үй салынып жатыр.